ҚазҰМУ-да Жаңару күніне орай ауқымды сенбілік өтті
Кампус пен студенттік жатақханаларда студенттер мен оқытушылар құрамының және қызметкерлердің қатысуымен тазалық жұмыстары жүргізілді. Бұл университетіміз бен Алматының тазалығын сақтау мақсатында ұйымдастырылды.
Жанару күні – жаңарудың, тазалық пен бірліктің символы. Бүгінгі сенбілік өзгерістерді өзімізден бастауға септігін тигізді. ҚазҰМУ кампусы жай ғана университет аумағы емес, бұл – болашақ денсаулық сақтау көшбасшыларын қалыптастыратын кеңістік. Оның таза әрі жайлы болуы маңызды.