ҚазҰМУ-да «Паллиативті көмек: шекарасыз қамқорлық» атты халықаралық қатысуымен өткен X Республикалық конференция өтті
С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің 95 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылған бұл конференция палиативті көмектің өзекті мәселелерін талқылауға арналды.
Қазақстанның паллиативтік көмек ассоциациясының жыл сайынғы конференциясы биыл оншы рет өткізіліп отыр. Дәстүр бойынша, конференция денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау мамандарын, қоғамдық қайраткерлерді, мемлекеттік және коммерциялық емес ұйымдардың өкілдерін, оқытушылар мен зерттеушілерді – кез келген жас және диагноздағы, аурудың кез келген сатысында, тұрғылықты жеріне қарамастан паллиативтік көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға ұмтылатын барша мүдделі тұлғаларды біріктіреді.
2025 жылы, Хоспистер мен паллиативтік көмек күні барлық адамдарға қолжетімділік ұстанымымен өткізіліп жатқан кезде, конференция Қазақстандағы паллиативтік көмектің дамуындағы негізгі сын-қатерлер мен перспективаларды талқылауды, сондай-ақ бар кедергілерді жою стратегияларын айқындауды мақсат етеді.
Конференцияға Ресей, АҚШ, Испания, Беларусь, Дания, Жапония, Польша, Ұлыбритания, Өзбекстан, Швейцария, Қырғызстан, Тәжікстан, Канада және, әрине, Қазақстаннан көрнекті спикерлер қатысты.
Сондай-ақ конференция барысында Қазақстан Республикасының Парламент Сенатының депутаты Айнұр Серікпаевна Арғынбекова және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Шарипбаевна Альназарова құттықтау сөз сөйледі.
2025 жылдың 11 қазаны (сенбі) – Хоспистер мен паллиативтік қызметтер күні.
Бұл күні бүкіл әлемде мыңдаған волонтерлер мен хоспистер қызметкерлері паллиативтік көмектің маңыздылығына назар аударады.
Биылғы жылдың ұраны – сапалы паллиативтік көмек әрбір адамға диагнозға, жасына немесе әлеуметтік мәртебесіне қарамастан қолжетімді болуы тиіс.
Паллиативтік көмек медициналық, мейірбике күтімі, психоәлеуметтік және рухани қолдауды қамтиды және науқастар мен олардың жақындарының өмір сапасын жақсартуға бағытталған. Қазақстанда 128 мыңнан астам ересек және балалар мұндай көмекке мұқтаж, алайда олардың көпшілігі оған қол жеткізе алмай, алдын алуға болатын азаптарды басынан кешіруде.
Маңыздысы, паллиативтік медициналық көмек тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлеміне кіреді, оның ішінде 17 препарат, соның ішінде күшті әсерлі анальгетиктер бар. Елімізде көрсетілетін көмек хоспистерде, ауруханаларда, әлеуметтік мекемелерде, сондай-ақ үйде барып көрсетілетін мобильді топтар арқылы көрсетіледі. Қазіргі кезде үйде көмек негізінен онкологиялық науқастарға қолжетімді, бірақ жақын жылдары бұл қызмет басқа категорияларға да таралады деп жоспарлануда.