ҚазҰМУ-да «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың қалыптасуының 20 жылдығы» тақырыбында тәлімгерлік сағаттар өтті
Қазақстандағы ұлттық саясаттың басымдықтардың бірі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі басымдықтар оның көріністерін алдын-алу және ескерту, сондай-ақ жүйелі сыбайлас жемқорлық фактілерін анықтау және болдырмау болып табылады, бұл әлеуметтік тұрақтылыққа аса қауіпті болып табылады.
Осыған орай, 14.03.2018ж. күні сағат 11.00-12.00. аралығында С. Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-да «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың қалыптасуының 20 жылдығы» тақырыбында тәлімгерлік сағаттар өткізілді. Негізгі тақырыпқа сәйкес, оқытушылар мен студенттер тәлімгерлік сағаттарда «Сыбайлас жемқорлық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес әдістері», «Білім беру мен денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық» және т.б тақырыптарда таныстырылымдар мен баяндамалар оқыды.
Аталған тәлімгерлік сағаттар біздің университеттің барлық курстағы білім алушылар арасында өтті.
Жастар саясаты басқармасы