ҚазҰМУ-да эндаумент қоры не үшін құрылады
Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің ректоры Марат Шоранов эндаумент қор жұмысының негізгі міндеттерін атап өтті.
Эндаумент қоры ғалымдардың жобаларын тәжірибелік тұрғыда іске асырылуы үшін ҚазҰМУ ғылыми-техникалық паркпен достастықта жұмыс істейтін болады.
Қаржыландыруға дайын алғашқы донорлар да бар. Ғылыми-техникалық парктің болашақ үй-жайларының дизайны келісіліп, жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Негізгі қор құрылымына бизнес-инкубатор, life-science зертханасы, коммерцияландыру орталығы және тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіріс бөлімі кіреді.
● Идеядан жоба жасалып, инкубация, акселерация, коммерцияландыру, тікелей іске асыру және өндіріске жеткізу кезеңдерінен өтеді.
● Ғалымдарға бизнес-жоспар құруға және инвесторларды тартуға көмектеседі, олар үшін инфрақұрылым және әлеуметтік қолдау мәселелері шешіледі.
● Ғалымдарға өз жобаларын зияткерлік меншікті ұрлаудан қорғауға көмектеседі.