ҚазҰМУ-да Ұлы Отан соғысының батырларын еске алу шарасы өтті
ҚазҰМУ-да Ұлы Отан соғысының батырлары Мәншүк Мәметова мен Владимир Иваниловтың ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Салтанатты шараға университет басшылығы, ардагерлер, оқытушылар, әскери кафедра курсанттары мен студенттер қатысты.
Тарихы терең медициналық университеттің соғыс жылдарында 1500 түлегі, студенттері мен оқытушылары майданға аттанды. Олардың 380-і үйге оралмады. Олардың арасында Мәншүк Мәметова мен Владимир Иванилов болды. ҚазҰМУ-да Мәншүк Мәметова мен Владимир Иванилов ескерткіштері Батырлар аллеясында орналасқан. Сонымен қатар, 1941-1945 жылдары майдан даласында қаза тапқан «медицина» студенттері мен оқытушыларының есімдері жазылған мемориалдық қабырға бар.