ҚазҰМУ -да 17 қараша Халықаралық студенттер күні аталынып өтті
2025 жылдың 17 қарашасы күні С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде Халықаралық студенттер күні аталып өтті. Бұл мереке жастардың жігері мен талпынысын, олардың шексіз мүмкіндіктерін айқындайтын ерекше күн болды.
Студенттер әрқашан қоғамның маңызды қозғаушы күші болып келеді: олар ғылыми идеялар ұсынады, мәдениетті дамытады, инновациялар енгізеді, әлеуметтік бастамаларды қалыптастырады және әлемге жаңа көзқарас алып келеді. Ал жоғары оқу орындары – олардың интеллектуалдық және шығармашылық тұрғыдан өсуіне мүмкіндік беретін, кәсіби дағдылар мен өмірлік құндылықтарды қалыптастыратын маңызды орта.
Бұл күні университетіміздің барлық мектептері мен факультеттерінің студенттері, студенттік ұйымдары, сондай-ақ шығармашылық орталықтың өнерпаздары өз өнерлерін ортаға салды. Студенттерді проректор У.М. Датхаев құттықтап, ғылым мен қоғамдық өмірге белсенді атсалысып жүрген студенттерге алғыс хаттар табыстады.
Университетіміздің барлық білім алушыларына студенттік өмірлеріңіз ең жарқын кезең болып, жетістіктерге, жаңа мүмкіндіктерге және болашаққа ашық есіктерге толы болсын деген ізгі тілегімізді білдіреміз.



















