ҚазҰМУ-дың академиялық қызмет бойынша проректор болып Камалиев Мақсұт тағайындалды
ҚазҰМУ ректорының м.а. Н.К. Хамзина ұсынысы негізінде ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігігінің бұйрығымен ҚазҰМУ-дың академиялық қызмет бойынша проректор болып қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасының менгерушісі, қоғамдық денсаулық сақтау Оқу департаментінің директоры – Камалиев Мақсұт Әділханұлы тағайындалды.
Камалиев Мақсұт Әділханұлы 1959 жылы туған, ұлты – қазақ. Семей мемлекеттік медицина институтының емдеу факультетін 1982 жылы үздік аяқтады. Институттан кейін әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастыру кафедрасының ассистенті етіп қалдырылды. 1985 – 1989 жылдары – Н.А. Семашко атындағы әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастыру бүкілодақтық ғылыми-зерттеу институтының (БҒЗИ) және КСРО ДСМ медициналық пен медико-техникалық ақпараттар БҒЗИ-дің аспирантурасында оқыды.
1993 жылдан қазіргі уақытқа С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасының менгерушісі болып қызмет етеді.
Медицина ғылымдарының докторы (1995), медицина профессоры (1996), әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастыру жөніндегі дәрігер (2003),
Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау аймағындағы жоғары білікті маман болып табылады. ҚР денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас маманы болған. Көптеген заңдылық, нұсқаулық және нормативтік құжаттарды құрастыруға қатысқан. ҚР БММС мен өзінің мамандығы бойынша үлгілік оқу программаларын құрастырған. С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың Медициналық білім беру моделінің бірлескен авторы.
Ғылыми-зерттеу жұмыстарына белсенді қатысады. Оның ғылыми жетекшілігімен 13 кандидаттық диссертация, PhD диссертациясы, Берлин университетінде магистрлік диссертация қорғалды. Ғылыми – педагогикалық кадрларды даярлау бойынша жұмыстарын жалғастыруда.
395 ғылыми, оқу және әдістемелік жұмыстарды отандық және шетелдік баспаларда (АҚШ, Швейцария, Ресей және т.б.) жариялады. «Қазақстан Республикасы» энциклопедиялық анықтамадағы «Денсаулық сақтау» бөлімінің авторы (Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2001 ж.). Авторлық ұжымның құрамында «Денсаулық сақтау» оқулығын (Мәскеу: «Литтерра» баспасы, 2016 ж.), «Денсаулық сақтау экономикасы» дәріс курстарын (Алматы-Бішкек, 2001 ж.), монографиялар, көптеген оқулықтар мен оқу-әдістемелік еңбектерді шығарды.
Еуропа Қауымдастығының, Британдық Кеңестің, БҰҰ даму Бағдарламаларының, «Сорос-Қазақстан» Қорының, ҚР денсаулық сақтау Министрлігінің, ҚР ғылым және жаңа технологиялар Министрлігінің және т.б. ғылыми гранттарды жеңіп алды. Қазіргі уақытта «Жоғары медициналық білім беруді модернизациялау» Erasmus+ жобасының координаторы.
Шетел, халықаралық және республикалық конференцияларда докладпен шықты. ҚазҰМУ-ды бірнеше қайтара шет елдерге көрсете білді. Литвиялық денсаулық ғылымдары университетінен шақыртылған профессоры.
Денсаулық сақтау қызметкелері, ұйымдар мен органдарға тәжірибелік пен методикалық көмек көрсетеді. Алматы қ. денсаулық сақтау Басқармасының алқа мүшесі.
Білім беру саласындағы әкімшілік жұмыс тәжірибесі бар: 1995 – 2000 жылдары ҚазҰМУ шетел студенттері факультетінің деканы; 2010 жылдан базалық медициналық дисциплиналар Оқу департаментінің директоры; 2011 жылдан қоғамдық денсаулық сақтау Оқу департаментінің директоры. Университеттің Ғылыми кеңес, факультет Кеңесі, Әдістемелік кеңес, Ғылыми комитет мүшесі.
«Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігіне» (2001 ж.) кеуде белгісімен, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігігінің Алғысымен (2015 ж.), «Қазақстан Республикасының медициналық білім беру ісін дамытудағы үлесі үшін» ҚазҰМУ-дың алтын, күміс, қола медальдарымен, алты ҚазҰМУ-дың Құрмет мақтау қағазымен (2001,2002,2004,2005,2006, 2010 жж.), Алматы кәсіподақ кеңесінің Құрмет мақтау қағазымен (2012 ж.) марапатталды.
Үйленген, ұл тәрбиелеуде.
ҚазҰМУ баспасөз қызметі