ҚазҰМУ-дың атқарушы проректоры тағайындалды
Бүгін, 2017 жылғы 1 шілде күні ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов ҚазҰМУ ұжымына атқарушы проректорды таныстырды. Атқарушы проректор болып Сенбеков Максут Таирович тағайындалды.
Құрылым бойынша Атқарушы проректор әкімшілк-кадрлық саясатын жүзеге асыру, экономикалық дамыту, инфрақұрылымдарды басқару, заңгерлік және құжаттық қамтамасыз ету, корпоративтік дамыту, қаржы және бухгалтелтерлік есеп, стратегиялық пен тәуекелді басқару, сондай-ақ ақпараттық технологиялар мен динтанциондық оқыту салалары бойынша жұмыстарға жетекшілік етеді.
ҚазҰМУ-дың Баспасөз қызметі