ҚазҰМУ-дың оқу департаменті директорлары және факультет декандарының жұмыс отырысын ұйымдастырды
2015 жылдың 13 наурызында Оқу-әдістемелік жұмыстар департаментінің директоры М.А.Абирова С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың оқу департаменті директорлары және факультет декандарының әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың академиялық жұмыстар департаментінің директоры А.Х.Хикметов және кафедра меңгерушілерімен жұмыс отырысын ұйымдастырды. Кездесу барысында «Жалпы медицина» мамандығының 1 курс студенттерін «Информатика» пәні бойынша академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша жіберу, сондай-ақ жоғары оқу орындары арасында академиялық ұтқырлық бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында «Химия», «Медициналық құқық», «Биофизика», «Медициналық информатика» және «Медико-профилактикалық іс» пәндері бойынша біріккен білім беру бағдарламаларын әзірлеу үшін жұмыс тобын құру мәселесі қарастырылды.