ҚазҰМУ-дың университеттік клиникасының БМСКК және диагностика орталығында тіркеу науқаны басталды
ҚазҰМУ-дың университеттік клиникасының бастапқы медициналық санитарлық көмек көрсету және диагностика орталығында тіркелген халыққа медициналық-санитарлық, консультативтік-диагностикалық көмек көрсетіледі. Бұл орталықтың қызметі тиімді және қол жетімді медициналық көмек жүйесін құру бойынша міндеттерді шешуге бағытталған. БМСКК орталығы Алматыдағы жоғары оқу орындарының студенттеріне, ҚазҰМУ-дың қызметкерлеріне және аумақтың тұрғындарына қызмет көрсетеді.
Осыған орай, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз етуде 2019 жылдың 15 қыркүйек-15 қазан аралығы ҚазҰМУ-дың университеттік клиникасының БМСКК және диагностика орталығында тіркеу науқаны жүргізілетін болады. Бұл мерзімде аталмыш орталыққа тұрғындар қалауынша тіркеле алады.
Тіркеуге қатысты сұрақтар бойынша БМСКК орталығының әкімшілігіне хабарласуға болады (Шевченко көш. 126, 402 А кабинет, байланыс телефоны: 8 702 235 8007).
Өз бетінше тіркеу үшін Сізге қажет:
– кез келген халыққа қызмет көрсету орталығына барып, ЭЦҚ кілтін (электрондық цифрлық қолтаңба) алу қажет
– egov. kz жүйесіне кіру – жеке кабинетке кіру – денсаулық сақтау бөлімі – алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркелу – онлайн қызметке тапсырыс беру – Алматы, Алмалы ауданы – тіркеу үшін ұйымды белгілеу – «Ұлттық медициналық университет» АҚ – «еркін таңдау» тіркеудің себебі – дәрігер О.Т. Абдуллаева – ұялы телефонды көрсету – сұраныс жіберу.
Сұранысты жібергеннен соң немесе өзге де сұрақтар бойынша 8 702 235 80 07 телефон нөміріне хабарласуға болады