ҚазҰМУ – ның КазМСА студенттік ұйымы Қарағанды қаласында өткен Республикалық IV кіші ассамблеяға белсенді қатысты
С. Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ – ның КазМСА студенттік ұйымы Қарағанды қаласында өткен Республикалық IV кіші ассамблеяға белсенді қатысты.
Осы жылдың 31 қазан және 1 қараша күндері Қарағанды қаласында КазМСА студенттік ұйымының кезектегі ассамблеясы болып өтті. Ол ассамблеяға Қазақстанның 9 медицина университетінен 68 медицина жастары қатысты. Солардың ішінде ҚазҰМУ – дан 10 студент өз белсенділіктеріні танытты.
Екі күн жалғасқан ассамблеяда өте маңызды мәселелер шешіліп, Еліміздің денсаулығын нығайту барысында жоспарлар қабылданды. Ең алдымен КазМСА ұйымының тұрақты құрамы өзгертіліп, жаңадан жас белсенді студенттер таңдап алынды. ҚазҰМУ – КазМСА – дан Мастетбаева Акерке, Толеуова Балжан, Бабақұл Салтанат және Жолаушыбекова Айгерім өз белсенділіктерінің арқасында көпшіліктің таңдауымен КазМСА ұйымының Ұлттық құрамына қабылданды. Бұл университетіміздің беделінің тағы да артыуына көп үлесін қосды.
Сонымен қатар, ассамблеяда Еліміздің денсаулығын нығайту мәселелері қаралды. Осыған байланысты, әр екі ай сайын Республикадағы бүкіл медицина университеттері бір уақытта бірдей іс-шара өткізілетіндігі белгіленді. Яғни, КазМСА – ның алдағы өткізетін іс-шаралары Республика деңгейінде, кең аумақта, өтетін болады және де негізгі мәселе ғылымға және тәжірибелік алмасуға қаратылмақ. Еліміздің медицина жастары үшін КазМСА ұйымы Қарағанды медицина университетінде үш айлық «Жазғы ғылыми мектеп» ұйымдастырды. Ол мектепте лабораториялық зерттеулер жүргізіліп, ғылыммен айналысуға көп мүмкіншіліктер тудырады. Сабақтарды шет ел мұғалімдері ағылшын тілінде жүргізедіжәне бұл КазМСА ұйымы атынан қаржыландырылады. Бұл да медицина жастарының білімін, тәжірибесін әрі қарай нығайта түсуде өз үлесін қоспақ.
Ассамблеяның екінші күні жылдық жоспарлар талданып, 9 медицина университеттерінің жергілікті комитеттерінің жұмыстары көріліп, бағаланды. Әсіресе, С. Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ КазМСА жергілікті комитетінің белсенділік жұмыстары жоғары дәрежеде бағаланды. Ассамблея өз соңына жетіп, студенттер сертификаттармен марапатталдыжәне кеш соңында КазМСА ұйымының студенттеріне кешкі ас дайындалып, медицина жастарының достығы мәңгілікке созылды. Еліміздің денсаулығын нығайту біз медицина жастарының қолында екен, бір шаңырақ астына жиналып, бірге жұмыс атқарайық!