ҚазҰМУ резиденттері Самарқандтан жеңіспен оралды
С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ резиденттері Самарқанд қаласында өткен халықаралық ғылыми конференцияда университетімізді лайықты таныстырды.
2026 жылғы 15-16 мамыр күндері Самарқанд мемлекеттік медицина университетінде «Фундаменталды, қолданбалы медицина және фармация жетістіктері» атты 80-жылдық мерейтойлық халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Конференцияға 7R01140 «Ересектер мен балалардың физикалық медицинасы және оңалтуы» мамандығының 2-курс, 21-топ резиденттері қатысты:
• Дүйсенбай Арайлым;
• Нуруллаева Мадина.
ҚазҰМУ резиденттері «Травматология, спорттық медицина, медициналық оңалту» секциясында баяндама жасап, медицина мен оңалту саласындағы өзекті ғылыми ізденістерін ұсынды.
Конференция қорытындысы бойынша «Физикалық медицина және оңалту, спорттық медицина» кафедрасының резиденттері дипломдармен марапатталды:
Дүйсенбай Арайлым – I дәрежелі диплом;
Нуруллаева Мадина – III дәрежелі диплом.
Бұл нәтиже ҚазҰМУ жас мамандарының жоғары дайындық деңгейін, ғылыми белсенділігін және кәсіби дамуға деген ұмтылысын көрсетті.
Арайлым Дүйсенбайды, Мадина Нуруллаеваны, кафедра ұжымын және ғылыми жетекшілерді лайықты жетістіктерімен құттықтаймыз! Жаңа ғылыми табыстар, батыл зерттеулер және халықаралық деңгейдегі жаңа жеңістер тілейміз.












