ҚазҰМУ студенті «Орталық Азияның үздік студенті» атанды
Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің 4-курс студенті Сапарбек Қазбек Мейрбекұлы Орта Азия елдерінің үздік студенті атануымен құттықтаймыз! Эпидемиология кафедрасының профессор ассистенті Бейсенбинова Жанат Бекмұханбетқызы жетекшілігімен Сапарбек Қазбек халықаралық студенттер арасындағы ғылыми конференцияда ІІ орын және университеттің ғылыми-зерттеу жұмыстарында ІІІ орын иеленіп, үздік дипломмен марапатталды.
Сонымен қатар, ол университеттің ғылыми-зерттеу жұмыстарына және қоғамдық іс-шараларына белсене қатысып, тәжірибе барысында креативті идеяларымен ерекшеленді. Жасанды интеллектті қолдану арқылы жеке платформасын ұсынуы оның инновациялық көзқарасын айқындай түсті.
Бәрекелді, Сапарбек Казбек! Сіздің жарқын болашағыңызға сенім білдіреміз және алдағы жетістіктеріңізге сәттілік тілейміз!