ҚазҰМУ түлегі Денсаулық сақтау министрі болып тағайындалды
Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің түлегі Ақмарал Әлназарова Қазақстанның денсаулық сақтау министрі қызметіне тағайындалды.
Ақмарал Әлназарова Алматы мемлекеттік медицина институтында «Педиатрия» мамандығы бойынша оқыған. Ол 1994 жылы АГМИ дипломын алды. Медицина ғылымдарының докторы, жоғары санатты дәрігер-педиатр, жоғары санатты дәрігер-ұйымдастырушы-гигиенист болып табылады.
«Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары. 2015 жылдан 2019 жылға дейін Қызылорда облысының Денсаулық сақтау департаментін басқарды. 2020 жылдың тамызынан бастап сенатор қызметін атқарды. Қазақстанда да, шетелде де қосымша білім алып экономика саласындағы бакалавр болып табылады.
Мақтанышымыз мол!