ҚазҰМУ түлектері күні
Құрметті ҚазҰМУ Түлектері!
Баршаңызға университетімізге деген риясыз қолдауларыңызбен, шынайы жылулықтарыңыз үшін алғысымыз шексіз!
ҚазҰМУ – біздің ортақ ордамыз, киелі қара шаңырағымыз. Университет әрқашан өз түлектерімен мақтанады!
Сіздерді 2025 жылдың 7 маусымында өтетін Түлектер күніне шын жүректен шақырамыз !
Бұл күн – сағынышқа толы естеліктер, сүйікті ұстаздармен және курстастармен қауышу, жаңа мүмкіндіктер мен шабыттар күні болмақ.
Бағдарламада:
– Салтанатты бітірушілер шеруі
– Ұстаздар мен түлектердің жүрекжарды тілектері
– Үздік түлек марапаттау рәсімі
– Жанды музыка, бейресми кездесулер
– Жағымды тосынсыйлар мен естен кетпес сәттер
Тіркеу: 09:00–09:45 аралығында ҚазҰМУ-дың Бас алаңында
09:45 – 10:00 Бас алаңнан «Concordia» театрына дейін жүру
10:00 – 12:00 Студенттік «Concordia» театрындағы негізгі шара
12:00 – 16:00 Мәдени-көрмелік бағдарлама (Әбу Әли ибн Сина алаңы)
16:15 – 17:00 Факультеттермен кездесулер және экскурсиялық бағдарлама
Іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастыру мақсатында алдын ала тіркелуіңізді сұраймыз:
https://docs.google.com/…/1TDTjlt…/edit
Сіздің келуіңіз – біз үшін үлкен мәртебе!
Келіңіздер, бірге естелік жаңғыртайық, жаңа тарих жазайық!