ҚазҰМУ ұжымына мерекеге орай сыйлықақы беріледі
Құрметті әріптестер!
Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Наурыз мейрамы баршамызға амандық, қуаныш, жақсылық әкелсін!
Осыған орай, Наурыз мерекесіне ҚР денсаулық сақтау Министрінің Жарлығы негізінде С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің барлық оқытушылары мен қызметкерлеріне 50 000 теңге көлемінде сыйлықақы тағайындалғанын хабарлаймын. Сыйлықақы Наурыз айының жалақысымен бірге түсетін болады.
Ұжымымызға жаңа жетістіктер мен үлкен табыстар тілеймін!
Құрметпен,
ҚазҰМУ ректорының м.а. М.А. Камалиев