ҚазҰМУ өкілдерінің SUNY университетіне сапары
Қоғамдық денсаулық сақтау және АИВ саласында білім беру және ғылыми әлеуетті құруға бағытталған Халықаралық Фогарти орталығының қаржылық қолдауымен «АИВ-ты зерттеу мен оқыту ҚазҰМУ-SUNY бағдарламасы» Халықаралық оқыту және Нью-Йорк штатының (NYS-ITRP) зерттеу бағдарламасы аясында 2017 жылдың қазан айында ҚазҰМУ-дың қоғамдық денсаулық сақтау факультетінің бір топ оқытушылары Америкалық серіктестердің шақыртуы бойынша Нью-Йорк штатының Олбани қаласында орналасқан Университеттің қоғамдық денсаулық сақтау мектебіне барып қайтты.
Олбаниға ҚазҰМУ-дың профессорлық-оқытушылық құрамымен бірге Украинаның Киев-Могиляндық Академия (КМА) серіктестік ұйымы да шақырылды.
Сапар мақсаты:
- Эпидемиология, биостатика, имплементациялық ғылым, саясат және денсаулық сақтау саласындағы АИВ, вирустық гепатит С мәселелер және психобелсенді заттарды қолдану туралы бағдарламалармен танысу.
- ҚДС факультеті оқу бағдарламасын жақсарту үшін, америкалық әріптестердің ықтимал тәлімгерлік етуі үшін ҚазҰМУ мен КМА оқытушыларымен Олбанидағы Университеттің Қоғамдық денсаулық денсаулық сақтау мектебі оқытушыларымен серіктестікке жағдай жасау.
- ҚазҰМУ және КМА оқытушыларына педагогиканың әр түрлі әдістерімен танысу мүмкіндіктерін, соның ішінде интерактивті оқулар, әріптестермен өткізілген оқыту, қашықтықтан оқыту стратегиясы жайлы көрсету.
- Студенттерге толық тәжірибеден өту және ғылыми жобаларды қорғау мақсатында бірлескен халықаралық зерттеу жобаларының әлеуеттік мүмкіндіктерін зерттеу.
Сапар барысында бірнеше маңызды тұлғалармен кездесу ұйымдастырды: Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің Деканның уақытша міндетін атқарушы және Медицина ғылымының (Неаlth Science) Вице Президенті, доктор Лаура Швейцер (Dr. Laura Schweitzer); Академиялық оқу жұмысының декан орынбасары доктор Мэри Галлант (Dr.MaryGallant, Associate Deanfor Academic Affairs); ҚДС саласы бойынша қашықтықтағы онлайн бағдарламасының директоры, доктор Бренда Кирквуд (Dr. Brenda Kirkwood, Director of Online MPH Program); Тәжірибеден өту және кәсіби даму бағдарламасының директоры Катрина Чемберлен (Katrina Chamberlain, Director of internship Program & Career Services).
Жоғарыда аталған департамент басқарушылары өздерінің жұмыс бөлімдері бойынша презентациаларын ұсынып және ҚазҰМУ-дың ҚДС факультетімен серіктестікке дайын екендіктерін білдірді.
Сонымен қатар биостатистика және эпидемиология Департаментінің оқытушыларымен, денсаулық сақтау саласының мінез-құлық және басқару саясаткерлерімен ақпараттық кездесулер өтті; сондай-ақ интерактивті әдістерді білу үшін сабақтарға қатыстырды.
Жағдайы төмен адамдарға медициналық және әлеуметтік көмек көрсетуге арналған амбулаторлық емханаларды, Нью-Йорк штатындағы Денсаулық сақтау департаментінің ЖИТС институтын, оқу және академиялық көшбасшылық институтын, Халықаралық білім беру және жаһандық стратегия орталықтарын аралап шығудың пайдасы зор болды.
ҚазҰМУ-дың ҚДС факультетінің деканы К.К. Даулетовтың ҚДС факультетінің оқу жоспарымен және ҚР санитарлық – эпидемиологиялық қызметінің ұйымдастырылуы және осы саладағы реформалар жөнінде баяндамасын SUNY ҚДС мектебінің оқытушылары үлкен қызығушылықпен тыңдады.
Олбани Университетінде және Ғаламдық денсаулық Департаментінің телеконференциялық бағдарламасының аясында ҚазҰМУ-дың АИВ жұқпасы, жұқпалы инфекция курсының жетекшісі профессор Ж.С.Нугманова «АИВ эпидемиясы және ҚР негізгі топтары» атты тақырыбына профессорлық-оқытушылық құрамының және магистранттардың алдында баяндады.