ҚазҰМУ 21 ғасырдағы психиатрияның ауырсыну нүктелері талқыланады
🏫Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің алаңында қазанның 13-15 аралығында «МЕНТАЛЬДЫ ДЕНСАУЛЫҚ ЖӘНЕ COVID-19» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді. Оның аясында психиатрия және наркология кафедрасында «Ментальды денсаулық саласындағы жас ғалымдар мектебі» конференциясы өтеді.
🌐Конференцияда Қазақстан, Ресей, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Тәжікстан, Болгария, Польша және Литва елдерінің үздік мамандары сөз сөйлейді.
ℹКонференцияда м.ғ.д., профессор, РФ еңбек сіңірген ғылым қайраткері, «В.М. Бехтерев атындағы Ұлттық медициналық психиатрия және неврология зерттеу орталығының» директоры, Ресей психиатрлар қоғамының президенті Незнанов Николай Григорьевич – «Соматикалық аурулардың және депрессияның коморбидтілігі» тақырыбында баяндама ұсынады. м.ғ.д., профессор, Дүниежүзілік психиатриялық Қауымдастығының Бас хатшысы Морозов Петр Викторович – «21 ғасыр психиатриясының ауырсыну нүктелері» тақырыбында баяндама жасайды.
🌐Іс-шара барысында м.ғ.к., доцент, Қырғыз психиатриялық қауымдастығының президенті, И.К. Ахунбаев атындағы ҚММА психиатрия, наркология және клиникалық психология кафедрасының меңгерушісі Галако Татьяна Ивановна клиникалық медицинаның әртүрлі бағыттарында антидепрессанттарды тиімді қолдану туралы әңгімелейді.
💬Сонымен қатар, м.ғ.д., профессор, «В.М. Бехтерев атындағы Ұлттық медициналық психиатрия және неврология зерттеу орталығының» психиатрия және шекаралық бұзылуларды емдеу бөлімінің бас ғылыми қызметкері Розанов Всеволод Анатольевич «Суицидті түсіндіретін заманауи модельдер және олардың суицидологиялық зерттеулер үшін маңызы» тақырыбында баяндама жасайды.
🕑Түскі астан кейін психонейрофармакогенетика және мазасыздық күйі мәселелеріне арналған баяндамалар ұсынылады.«В.М. Бехтерев атындағы Ұлттық медициналық психиатрия және неврология зерттеу орталығының» бас ғылыми қызметкері, жеке психиатрия және неврология орталығының жетекшісі Насырова Регина Фаритовна және м.ғ.д., профессор, «Ұлттық Медициналық Ассоциациясы» РҚБ – биологиялық психиатрия қауымдастығының президенті Асимов Марат Абубакриевич баяндама жасайды.
📍Өткізілетін орны: 7 ғимарат, Ю Чоль Чу залы, Масанчи көшесі 38, 08: 30-09: 30 тіркеу 09: 30-10:15, 13 қазан