ҚДСҰО мен ҚАЗҰМУ арасындағы стратегиялық ынтымақтастық
2025 жылы 14 наурызда С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ректоры Шоранов Марат Едігеұлы және ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының Басқарма төрағасы Есмағамбетова Айжан Серикбайқызы Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау және медициналық білім беру жүйесін дамыту үшін өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
Қол қою барысында қоғамдық денсаулық сақтаудың өзекті міндеттерін шешу, озық әдістемелерді енгізу және жоғары білікті мамандарды даярлау үшін ынтымақтастықтың негізгі бағыттары талқыланды. Тараптар арасындағы ғылыми-практикалық және білім беру ынтымақтастығы мыналарды көздейді:
- Академиялық мобильдік бағдарламалардың аясында студенттермен, оқытушылармен және ғалымдармен тәжірибе алмасу;
- Бакалавриат, магистратура мен докторантураны қоса алғанда, бірлескен білім беру бағдарламаларын жасау;
- Бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу және олардың нәтижелерін халықаралық басылымдарда жариялау;
- Дәрігерлер мен оқытушыларға арналған клиникалық тағылымдамалар, практикалық семинарлар және біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыру;
- Қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы инновациялық медициналық жобалармен және бастамалармен бірлесіп жұмыс істеу.
Меморандумға қол қою қазақстандық медицинаны дамытуға, мамандардың біліктілігін арттыруға және қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы заманауи тәсілдерді енгізуге бағытталған ұзақ мерзімді серіктестіктің берік негізі болып табылады.