ҚММУ профессорларымен академиялық ұтқырлық аясында 1-ші Бала аурулары кафедрасымен тәжірибелік семинар өткізу
Басқа медициналық жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық шеңберінде, «ҰМУ» АҚ профессорлық-оқытушылар құрамының академиялық ұтқырлығы бөлігінде №2 БҚКА клиникалық базасындағы, №1 Балалар аурулары кафедрасында 18.02-28.02.2019 жыл аралығында Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің оқытушылары №2 БА каф. меңг. Тукбекова Б. Т. және кафедра ассистенті Серикова Г. Б. жұмыс істеді.
Бағдарлама аясында 19.02-22.02.2019 ж. аралығында 711 -1,2 топ интерндерімен оқыту тренинг-семинары ұйымдастырылып, өткізілді. №1 БА доценті Ибраева К. Е., проф. Тукбекова Б. Т. «Науқас сәбиді жүргізу», «0-5 жастағы балалардағы шұғыл жағдайларды сұрыптау», «О-5 жастағы балаларда ДДСҰ-ның БАБЖ бойынша тәсілдері, 0-5 жастағы балалардағы қауіптілік белгілері» тақырыптарында жүргізілді.
БАБЖ стратегиясы бойынша тәжірибелік сабақтар интерндерде емхана деңгейінде балалар ауруларын дәл анықтау дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді, барлық негізгі аурулардың тиісті аралас емделуін қамтамасыз етеді, балаларға күтім жасайтын тұлғаларға кеңес беруді жақсартады және ауыр науқас балаларды тиісті мамандарға жіберуді тездетеді.
Сондай-ақ студенттерді үй жағдайында ата-аналармен қарым-қатынас жасаудың коммуникативтік дағдыларына үйретеді, тиісті көмекке жүгінуді ынталандырады, жақсы тамақтану мен алдын алуға, сондай-ақ дәрігерлік нұсқамалардың дұрыс орындалуына ықпал етеді.