Қоғамдық денсаулық сақтау тәлімгерлері жемқорлыққа қарсы
2019 жылғы 20 қараша күні №118 дәрісханада Х.Досмұхамедов атындағы қоғамдық денсаулық сақтау мектебінде тәлімгерлер мен эдвайзерлер кеңесінің бірінші отырысы өтті. Күн тәртібінде алғаш болып мектеп маманы Е.Т.Оразаев тәлімгерлердің студенттер үшін алатын рөлі мен маңызы туралы атап өтті. Аталмыш кездесудегі негізгі талқыланатын сұрақ қазіргі таңда өзекті мәселе болып тұрған жемқорлық мәселесі туралы болды. Университетімізде комплаенс – офицер қызметін атқаратын Болатбек Тулетаев қызметінің негізгі бағыттарының бірі жемқорлыққа қарсы шаралар қолданып, оның салдарымен күресіп, алдын алу жұмыстарымен айналысатынын жеткізді. Сөз кезегінде Қазақстан Республикасының жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңы талқыланып, сондай-ақ заң бұзушылықта қолданушылық жауапкершілік те түсіндірді. Университетіміздегі «Саналы Ұрпақ» студенттер клубының жұмысы туралы және де жақын арадла конкурс өткізіліп жеңімпазға бағалы сыйлықтар ұсынылатыны айтылды. Өз кезегінде тәлімгерлер пікір алмасып, қажет сұрақтарына жауап алып отырды. Этикалық кеңестің төрағасы Жанар Мұстафина антикоррупциялық саясатты насихаттап, жемқорлыққа қарсы ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу арқылы университет қызметкерлері мен студенттерінің антикоррупциялық мәдениетін қалыптастыру керек екендігін атап өтті. Тәлімгерлер өз кезегінде жемқорлыққа қатысты студенттермен тәлімгерлік сағаттары өткізіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізіліп отыратындығын айтты. Және де университетімізде жемқорлық болмау үшін оның алдын-алуға өз үлестерін қосатындарын жеткізді.