ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтауы
Құрметті әріптестер!
Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі – ынтымақтастық мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Көп ұлтты халқымыз үшін бұл күн шын мәнінде жалпыхалықтық мереке. Ол біздің ортақ үйіміздегі бейбітшілік пен келісімге сүйіспеншілікпен қарайтын барлық қазақстандықтарды біріктіреді.
1 мамыр қарсаңында «Тұрақтылық, бірлік, келісім – жаңғыртудың негізі» атты Қазақстан халқы ассамблеясының XXV сессиясын өткізудің орасан зор маңызы бар. Бұл ретте, қазақстандықтар өзінің ынтымақтастығын, бірлігі мен отан сүйгіштігін тағыда көрсетті.
Біз бүкіл ұлт пен халық бейбіт өмір сүріп, әртүрлі салада, оның ішінде мемлекеттік қызмет жүйесінде, бизнес-құрылымдарда, денсаулық сақтау, білім беру, ғылым жүйесінде және басқа да салаларда табысты және адал еңбек етіп жатқан бірегей елміз. Әрқайсысымыз еліміздің көркеюіне үлес қосудамыз.
1 мамырды бейбітшілік пен тұрақтылық мерекесі ретінде атап өтеміз. Сіздерді осы атаулы күнмен құттықтай отырып, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр және еңбектеріңізге табыс тілеймін.
ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов