Ұлттар достастығы – біздің басты байлығымыз
Жалпы Медицина-1 мектебінің молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының лекторлары: Г.Т. Танеева, Ә.Қ. Қыдырбаева және Қ.Е. Жүзжан, кураторлық топтар: ЖМ21-003-1/2, ЖМ21-004-1/2 және ЖМ21-005 -1/2 студенттерінің ұйымдастыруымен 1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай «Ұлттар достастығы – біздің басты байлығымыз» атты мерекелік іс шара өткізілді.
Бұл іс шараға ЖМ21-001 – ЖМ21-012 топтар арасындағы барлық студенттер қатысты. Әр топ Қазақстанның этностық құрамына кіретін ұлтты таңдап, сол ұлттың салт дәстүрін,ұлттық әні мен биін көрсетті. Атап айтатын болсақ, Түрік, Жапон, Ұйғыр, Корей, Өзбек, Украин сынды ұлттардың Қазақстанға келу тарихы туралы таныстырылып, өнерлерін көрсетті. Басқа ұлттардан бөлек қазақ халқының да салт дәстүрін көрсетіп, домбыра үнімен ұлттық күйлерді тыңдап, мың бұратылған қыздарымыздың қазақша биі тамашаланып, патриоттық өлеңдер айтылды. Соңында ұйымдастырушы топтардың орындауында «Атамекен» әні шырқалып, бір шаңырақтың астындағы ұлттар татулығының көрінісі ретінде ,ұлт өкілдері шаңырақ астында тұрып, өлеңді бірге шырқады.
Тәрбиелік мақсатта өткізілген бұл іс шараға молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының меңгерушісі, кураторлары мен ассистенттері және ШОМ-1 мектебінің деканының орынбасарлары қатысып, алған әсерлерімен бөлісіп, студенттермен естелікке фотоға түсті.