Ұлы Отан соғысының 70 –жылдығы және Дүниежүзілік Денсаулық сақтау күніне арналған бадминтоннан факультет аралық спартакиадасы
Ұлы Отан соғысының 70-жылдығы және Дүниежүзілік денсаулық күніне арналған бадминтоннан факультет аралық спартакиадасы 4 сәуір 2015 жылы ҚазҰМу Спорт кешенінде өткізілді. Жарысқа 5 факультет: Жалпы медицина, Фармацевтикалық факультет, Қоғамдық денсаулық сақтау, Тіс емдеу факультеті және шетел тілдер факультеттері қатысты. Барлық қатысушы студенттер саны 80 адам. Факультеттер өзара төмендегідей орындарды бөлісті: Жалпы медицина және Шетел студенттер факультеттері өзара бірінші орынды бөлісті, ал екінші орынды – Фармацевтикалық факультеті, үшінші орынды – Қоғамдық денсаулық сақтау факультеті, төртінші орынды – Тіс емдеу факультеті иеленді. Жарыс өте тартысты, жоғарғы деңгейде өтті. Жарыста шет тілдер факультеті мен фармацевтикалық факультеті ерекше ойын үлгісін көрсетіп, көреремендердің ынтасын тартты. Спартакиада жеңімпаздарын құттықтаймыз!!!
Дене тәрбиесі және денсаулық кафедрасы