Ұлы халықтың – ұлы Абайы
11 ақпан 2020 жылы Қазақ тағамтану академиясының мәжіліс-залында Ұлттық Медицина Университетінің «Профилактикалық медицина курсымен Нутрициология» кафедрасының лекторы Қожахметова А.Н., ассистенттер Ергешбаева Р.Б. және Сержанова Г.Н. ұйымдастыруымен данышпан ақын, ойшыл, қазақ әдебиетінің шоқтығы биік ірі тұлғасы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған “Ұлы халықтың – ұлы Абайы” атты іс-шара өткізілді. Аталған іс-шара университетіміздің тәрбие жұмысы жоспарына сай жүргізілді.
Іс-шараның мақсаты: Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, ақынның даналығын, рухани асыл мұраларын насихаттау.
Іс-шараға С.Ж. Асфендияров атындағы Ұлттық Медицина Университеті «Жалпы медицина» мектебінің 016-2қ топ студенттері белсене атсалысты.
Аталған іс-шара «Профилактикалық медицина курсымен Нутрициология» кафедрасының құрметті профессоры Шарманов Төрегелді Шарманұлының қатысуымен өтті. Іс-шара жоспарланған бағдарлама бойынша жүргізілді. Көрермендерге іс-шара барысында Абай атамыздың өмірбаяны, өлеңдері, қара сөздері, күйлері қойылып, берілген мәліметтер бойынша кері байланыс орнатылды.
Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған,
Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған, – деп төрелігін өзі шешкен Абай бүгін жарқын бейнесімен де, жалынды жырымен де бізбен бірге 175 жыл бойы өмір сүріп келеді, мәңгі өмір сүре бермек!
Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған “Ұлы халықтың – ұлы Абайы” атты іс-шараны кешіміздің құрметті қонағы Төрегелді Шарманұлы өз сөзімен қорытындылап, кеш қатысушыларына алғысын білдірді. Іс-шара соңы Абай атамыздың «Көзімнің қарасы» әнімен аяқталып, челлендж жолданды.