Ұлы ғалым және оның мұрасы
Жақында Ә.Н.Нұрмұхамбетұлы атындағы патологиялық физиология кафедрасында асс.профессор В.М.Сабырахметованың ұйымдастыруымен 2 курс фармация және Мед 22-001, 22-002 эдвайзер топтарымен көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, дарынды ғалым-тарихшы, профессор, педагог, Алматы медицина институтының алғашқы ректоры Санжар Жаппарұлы Асфендияровтың 136 жылдығына орай «Ұлы ғалым және оның мұрасы» деп аталатын іс-шара өткізілді.
С.Ж.Асфендияровтың ғалымдық жолы медицина саласының өркендеуіне, оның терең зерттеулері мен еңбектері қазіргі Қазақстан медицинасының негізін салуына ықпалын тигізді.
Іс-шараның мақсаты студенттерді С.Ж.Асфендияровтың өмір жолымен, шығармашылығымен, оның жас ұрпақтарға қалдырған еңбектерімен таныстыру.
Шара барысында студенттер Ф23-003 топтың студенттері Асикен Диана мен Муса Аружанның С.Ж.Асфендияровтың «Ұлы ғалам және оның мұрасы» деп аталатын презентациясын, одан кейін Ф23-001 топ студенті Алжан Іңкәрдің С.Ж.Асфендияровтың өмір жолы туралы дайындаған викторинасын және Жақыбай Дилназдың өлеңін тамашалады.
Шара соңында кафедра меңгерушісі профессор М.К.Балабекова Санжар Жаппарұлы Асфендияровтың ғылыми жетістіктері мен адамгершілік қасиеттері, оның адамзатқа жасаған қызметі бүгінгі ұрпаққа үлгі екенін айтып іс-шараға қатысқан студенттерге ризашылығын білдірді.