«Өмір туралы ғылымдар және денсаулық сақтау саласындағы зерттеулердің 24-ші халықаралық конференциясы (ICRLSH)»
2019 жылдың желтоқсан айының ортасында БАӘ, Дубай қаласында, Eurasian Research зерттеу қауымдастығы медицина және денсаулық сақтау саласында халықаралық конференциясын өткізді. Конференцияға Греция, Ливан, Судан, Бахрейн Корольдігі, Қазақстан, Түркия, Эфиопия, Иран, БАӘ, Үндістан және Польша елдерінің мамандары қатысып, өз жұмыстарын ұсынды. Медицина мен денсаулық сақтау саласындағы өзекті тақырыптар мен мәселелер талқыланды. Қазақстаннан бұл шараға м.ғ.д., профессор Мұсаев А.Т. және С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ 5 курс студенті Төлеубек Ж.М. Зерттеу нәтижелері бойынша «2019 – 24th International Conference on Research in Life-Sciences & Healthcare (ICRLSH), Dubai, December, 2019» конференциясында, AP05134160 «С гепатитімен ауыратын науқастарда сублимацияланған саумалды қолдану кезінде жасуша мембраналары мен иммунитеттің бейімделу механизмдері» жоба жетекшісі, профессор Мусаев А.Т. және УҒТ, студенттік ғылыми қоғамы мүшесі, 5 курс студенті Төлеубек Ж.М. баяндама жасады. Қатысушылардың көпшілігі Бие сүтінің (Саумалдың) медициналық мақсаттарда қолданылуын зерттеуге қызығушылық танытып, әрі қарай бірлескен ынтымақтастық үшін «Eurasian Researchers» халықаралық ғылыми қоғамдастықтың мүшелерімен байланыс орнатылды.