«Өшіп қалу» құбылысын еңсеру: Паркинсон ауруының үдемелі сатыларындағы заманауи қиындықтар
2026 жылғы 07 сәуірде Алматы қаласындағы №7 Қалалық клиникалық аурухананың инсульт мектебінде «Паркинсон ауруының үдемелі сатыларын емдеудегі қиындықтар» тақырыбында дөңгелек үстел форматында ғылыми семинар өтті.
Негізгі баяндамамен С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің жүйке аурулары кафедрасының қауымдастырылған профессоры, PhD Альмаханова Клара Қанатқызы сөз сөйледі.
Баяндамасында Паркинсон ауруының үдемелі сатыларындағы пациенттерді жүргізудің заманауи мәселелері жан-жақты қарастырылды. Атап айтқанда, терапияны таңдаудағы қиындықтар, стандартты емдеу әдістерінің тиімділігінің төмендеуі және әр пациентке жеке тәсілдің қажеттілігі сөз болды.
Ерекше назар келесі мәселелерге аударылды:
- аурудың кеш сатыларындағы емдеудің заманауи стратегиялары;
- клиникалық жағдайларды талдау;
- пациенттердің өмір сапасын арттыру мәселелері;
- неврологиялық тәжірибеге жаңа тәсілдерді енгізу.
Дөңгелек үстел невролог дәрігерлер мен практикалық денсаулық сақтау мамандарын біріктіріп, кәсіби пікір алмасу мен тәжірибе бөлісу алаңына айналды.
Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар ұсынылған тақырыптың өзектілігін және баяндаманың клиникалық тәжірибе үшін практикалық маңыздылығын атап өтті.







