Абай дана, Абай дара қазақта
С. Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ студенттері де баршамызға ортақ рухани мереке Абай күнінің аталынып өтуіне жүрек қуаныштарын білдіреді. Абайдың шығармашылығын оқи берген сайын адамға жаңаша ой салады, ол күн өткен сайын адамзатты түсінуде өз ауқымын кеңейте береді. Абай мұрасы қай ғасырда болса да мәңгі өміршең. Өйткені – Абай шығармасы жалпы адамзатқа арналып жазылған. Ұлы Абайдың өлеңдерін, қара сөздерін қайта- қайта оқу, түсіну, терең үңілу қазір бізге ауадай қажет.
Жаның жүдегенде, тәубәні тануда, сабырлық, ақыл іздегенде содан сая табармыз.