Адамдар өз-өздеріне диагноз қояды – сарапшылар коронавирус кезіндегі депрессиясының проблемасы туралы
ҚазҰМУ өткен баспасөз конференциясында психиатрия саласындағы жетекші мамандар коронавирустық пандемиямен байланысты депрессия мен стресстің өсу мәселесі туралы ойларымен бөлісті. Журналистермен кездесу «МЕНТАЛЬДЫ ДЕНСАУЛЫҚ ЖӘНЕ COVID-19» конференциясы аясында өтті.
В.М. Бехтерев атындағы Ұлттық медициналық психиатрия және неврология зерттеу орталығының» директоры Николай Незнанов көптеген адамдар танымдық асқынулар жағдайында өз бетінше диагноз қоюға бейім екенін баса айтты.
«Біз өз-өзімізге бұл диагнозды уақытша сәтсіздіктер, жеке өміріміз немесе кәсіби қызметімізбен байланысты мәселелерге қатысты екенін түсінбей қоямыз. Әдетте, депрессия бірнеше күн ішінде аяқталуы тиіс. Ал, егер клиникалық депрессия туралы айтатын болсақ – мұндай жағдай бірнеше аптаға, айға созылады. Егер скринингтік көрсеткішті қолдансақ, дегенмен олардың саны өте көп, олар әдетте шартты түрде сау деп аталатын халықтың әртүрлі санаттары арасында депрессияның жоғары деңгейін көрсетеді.
Депрессияның көп бөлігі сыртқы факторлардың әсерінен туындаған депрессия екенін түсінуміз маңызды. Егер оны ковид жағдайына экстраполяция жасасақ – бұл вирустың әсері ғана емес, сонымен бірге оқшаулау, жағдайды болжау проблемалары, проблемаларды шешуге материалдық қолдаудың болмауы сияқты әлеуметтік-экономикалық психологиялық проблемалар – басты стигматизациялаушы факторы болып табылады. Әрине, келшекте денсаулықты сақтауға қатысты уайым да болады. Мазасыз реакцияларға бейім адамдардың белгілі бір санатында ессіз өлім қорқынышы және тағы басқалар пайда болады. Жағдайдың нәтижесін өзің болжайтын жағдайда болмасаң, сен оны мүлде қадағалай алмайсың. Бұдан қорқынышты ештеңе жоқ, одан артық стигматизациялау жоқ», – деді ол.
Алайда, оның пікірінше, дәрі-дәрмек бұл соңғы әдіс.
«Дәріні жақсы өмірден қабылдамаймыз. Бұл әрдайым адамның жағдайы мен физикалық және интеллектуалдық мәселесі. Дәрі тосқауыл қоя алады.
Егер антидепрессанттар туралы айтатын болсақ, олар көңіл-күйді тұрақтандырады және жақсартады, бірақ депрессияға ұшыратқан мәселелерді шешпейді. Ағзаның биологиялық ақауларының әсерінен орын алатын депрессия жағдайлары да бар. Мысалы, тұқым қуалауға бейімділік. Бұл жағдайда антидепрессанттар таңдау препараттары болуы мүмкін. Бірақ, мен бұл адамның өзі тап болған жағдайды еңсере алмауы сияқты сыртқы факторлар екенін атап өтемін. Психотроптық препараттар жағдайды жасанды түрде өзгертеді. Бұл дәрі-дәрмектердің арқасында шешілмейтін болып көрінген мәселеге деген көзқарас өзгереді. Бірақ әрдайым кешенді тәсіл қажет», – деді ол.
Өз кезегінде, «В.М. Бехтерев атындағы Ұлттық медициналық психиатрия және неврология зерттеу орталығының» психиатрия және шекаралық бұзылуларды емдеу бөлімінің бас ғылыми қызметкері Розанов Всеволод Анатольевич стресстік оқиғалардың өсуі жаһандану мен ақпараттың тез таралуынан туындағанын атап өтті.
«Негізгі теріс әсерлер ақпараттың жаңа толқыны нәтижесінде пайда болады. Мұндайда адамдар жағымсыз эмоцияларды сезінеді. Көбінесе бізде мүмкіндіктер көбірек, біз еңсере аламыз деген үміт болды, бірақ біз оны жеңе алмаймыз, болашаққа перспективалар туралы нақты айта алмаймыз. Бұл әртүрлі реакцияларды тудырады – бір плюсте истерикалық қорқынышы бар адамдардан психикалық бұзылуларды күтуге болады. Басқасында қандай да бір тежегіштерді еңсерген адамдар — мұнда агрессия, қандай болса да, барлық ұсыныстарды елемеу – бәрібір олар белгілі бір дәрежеде ақылға қонымды. Осылармен адамзатқа бетпе-бет келуге тура келеді. Біреудің проблемасы бастан асады, біреудің бизнесі жақсы дамыған – біз карантиндік шараларға қарсылыққа және қолдауға куә болдық. Міне, осындай қайшылықтар болып жатыр», – дейді ол.
Осыған қарамастан, сарапшының айтуынша, жалпы адамзат жаһандық қауіп-қатерге қарсы үрейге бой алдырмайды. Қоғам шоғырлануға бейім, бұл қылмыстың, кісі өлтірудің және суицидтің төмендеуімен ерекшеленді, деп баса айтты маман. Алайда, оның айтуынша, психикалық мәселелерді шешуге кешенді тәсіл қажет.
«Егер қазір бәрін тастап, ештеңе болмағандай кейіп танытуға рұқсат берсек, онда жағдай ары қарай одан да нашарлауы мүмкін. Барлығынан шаралар тепе-теңдігі қажет – барлығынан диагноз қоятын, шешім қабылдайтын және әлеуметтік желілерде пост жазатындардан», – деді ол.