Адамның жаны қайда? Бұл философиялық сұраққа Қазақстанның үздік нейрохирургтарының бірі жауап берді
Медицина – адамзаттың ең қызықты ғылымдарының бірі. Көптеген адамдар дәрігерлерді мистикалық жағдайлардан алыс деп санағанына қарамастан, дәрігерлердің өзіне кейінгі өмір, адамның жаны және ғылыммен әлі дәлелдемеген басқа құпиялар туралы ойлар жат емес.
ҚазҰМУ студенттерімен өткен мотивациялық кездесуде жетекші қазақстандық нейрохирург Ермек Дүйсембековтен адамның жаны денесінің қандай мүшесінде орналасқан деп сұрады.
«Ақыл қайда жан сонда болуы мүмкін. Мен солай ойлаймын. Ақыл біздің басымызда. Жүрек қандай да бір күйзеліске түскенде, ол жиі соғады, өйткені адреналин бөлінеді. Тіпті бас трансплантациясын жасайық деген әзіл болатын. Жауап өте қарапайым. Бастың ойлау, есте сақтау, барлық танымдық функциялар, интеллекті бар ағза ретінде маңыздылығын ескере отырып, бұл операцияны бас трансплантациясы емес, денені басқа трансплантациялау деп атауымыз қажет. Менің ойымша, жан баста, бірақ оның қай жерінде білмедім», – деді нейрохирург.