«Адамға табын жер енді»
11.04.2018 ж. Қалыпты анатомия кафедрасында «Халықаралық авиация және ғарышкерлер күніне арналған» мерекелік іс-шара өткізілді.
Ғарыш әлемі кең байтақ! 1961 жылы , 12сәуір күні , адамзаттың өкілі тұңғыш рет жер планетасынан сытылып шығып, космосқа сапар шекті.Ол сол кездегі Кеңестер одағының өкілі Ю.А.Гагарин еді. Бұл сапар Қазақстан жерінде орналасқан Байқоңыр космодромынан басталып еді. Осыдан бері 57 жыл өтіпті.Сол уақыт аралығында космосқа бүкіл жер жүзінен 300 ден аса адам сапар шегіпті.Олардың арасында үш қазақ жігіті космос әлемін шарлап, оны зерттеуге арналған ғылым саласына өздерінің қомақты үлестерін қосты.Халқымыздың екінші ғарышкері Т.Мұсабаев космосты үш рет бағындырды.
Қалыпты анатомия кафедрасының кураторларының ( Б.Ш.Шәкенов , Г.Р.Мыңжанова , Ф.С.Омарбекова, С.Х. Наккажина) ұйымдастыруымен, жалпы медицина факультетінің 1 курсы 17-0 11,17-012, 17-015 топтарының студенттері 11.04.2018 ж. «Халықаралық авиация және ғарышкерлер күніне арналған» мерекелік іс-шара өткізді.
Мерекелік іс-шараның қонағы , этикалық кеңес төрайымы, профессор Мұстафина Жанар Ғабиденқызы құттықтау сөзінде космосқа алғашқы адамның ұшқан кезіндегі оқиғаларды қызықты түрде айтып беріп , университетіміздің жастарына биік белестерді бағындыруды тіледі. Медицина ғылымының докторы, профессор Досаев Тасболат Молдахметұлы өз баяндамасында Мәскеудегі медициналық – биологиялық проблемаларды зерттеу институтында атқарылған – космоста болып қайтқан жануарлар ағзаларындағы өзгерістерді зерттеуге арналған – өзі жеке атқарған ғылыми жұмыстарының нәтижелері туралы айтып берді.
Одан кейін студенттер ғарыш кешенін бағындырған алып тұлғаларымыз жайлы баяндамалар жасады. Алғашқы болып сөз алған Жақсыбек Тоғжан «Адамға табын жер енді» атты баяндамасында ғарышкерлерді космосқа дайындау әдістерімен таныстырды. «Адамзаттың тұңғыш ғарышкері -Ю.А.Гагарин» атты баяндаманы – Әбіқұлова Ақбота жасады.
«Қазақ елінен шыққан тұңғыш ғарышкер – Т.О.Әубәкіров» (Мұратұлы Жомарт) : оның Кеңес одағында тұңғыш рет – әуеде ұшаққа екі рет жанармай құйдыру арқылы, жерге қонбай , солтүстік полюске ұшу сапарын ерлікпен орындағаны; авия тасушы крейсерге «МиГ-29к» реактивті ұшағын алғаш рет қондырғаны ; сондай-ақ ол реактивті ұшақтың 50 ден аса жаңа түрін сынақтан өткізгендігі туралы айтылды.
«Космосты үш рет бағындырған батыр – Т.Мұсабаев» (Нуриева Мехриниса) : Ол 1998 жылы екінші рет ұшқанда , ғарышта 208 күн өткізген , 1 айдың ішінде ашық космосқа 5 рет шығып , онда 30 сағат 8 минут жұмыс істеген. Оның ашық космоста жұмыс істеу уақытының ұзақтығы Гиннестің рекордтар кітабына енді және ол жасаған рекордты әлі күнге дейін ешкім жаңарта алмады .
«Он күн ғарышта болған – А.А.Айымбетов» ( Нұрболат Алуа): Ол «Союз ТМА-18М» ғарыш кемесімен Байқоңыр ғарыш станциясынан Халықаралық ғарыш станциясына аттанып , ғарышта 10 күн болып , маңызды зерттеу жұмыстарын жүргізгендігі туралы айтылды.
Бұл іс-шараны ұйымдастыруға Қонаева Арайлым,Сүлейменова Алтынай және де басқа студенттер белсене ат салысты.
«Халықаралық авиация және ғарышкерлер күніне арналған» мерекелік іс-шараның жабылу салтанатын – Онласын Нұрдәулет, Мұхтар Нұрай, Тортай Бейбарыс «Байқоңыр» атты әнмен аяқтады.
Осындай батыр да қайсар ғарышкерлерімізден үлгі алып , Қазақстандық ғарышкерлеріміз көбейе берсін !