Академик Николай Дмитриевич Беклемишевтің 100 жылдық мерейтойлық туған күніне арналған конференция өткізілді
2015 ж. 23 желтоқсан күніС.Ж.Асфендияроватындағы Қазақ Ұлттық медициналық университетінің Даңқ залында ҚазҰМУ-інің 85 жылдығына арналған іс-шаралар аясында,академик Николай Дмитриевич Беклемишевтің 100 жылдық мерейтойлық туған күніне арналған конференция өткізілді.
Конференцияғаакадемик Н.Д.Беклемишевтің шәкірттері және қызметтестері қатысты, соның ішінде құрметті қонақтардың бірі – қызыТатьяна Николаевна Беклемишева болды.
Мерейтойлық конференцияны оқу жұмысы бойынша проректор, профессор Казбек Агабылович Тулебаев ашты.
Қазақстан Республикасының ҰҒА академигі,РМҒА, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген ғылым қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты,профессор Торегельды Шарманович Шарманов қатысушылармен сәлемдесіп және үлкен құттықтау сөзбеншығып, сөз сөйледі.
Конференцияның салтанатты бөлімінде Қазақстан Республикасының ғылым және денсаулық сақтаудағы белгілі қайраткерлері де шығып, сөз сөйледі:
- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, медицина ғылымының докторы, профессор Раиса Каримовна Ермекова;
- С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық университетінің «АИТВ(ВИЧ) – инфекция және инфекциялық бақылау» модулінің жетекшісі,медицина ғылымының докторы,профессор Жамиля Сакеновна Нугманова;
- ҚР ДСӘДМдәрілік заттарды сараптау, медициналық тағайындалған өнімдер мен медициналық техникалардың Ұлттық орталығының Республикалық иммунобиологиялық лабораториясының меңгерушісі,медицина ғылымының докторыпрофессор Жаннат Абеновна Сатыбалдиева;
- С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық университеті ішкі аурулар пропедевтика кафедрасының меңгерушісі,медицина ғылымының докторы,профессорГульшат Мусреповна Есенжанова.
Баяндамашылар Николай Дмитриевичтің ерекше тұлға екендігін, оның еңбектері мен өте қызықты өмірі және шығармашылық жолдары, Қазақстанның ғылым және денсаулық сақтаудағы сіңірген еңбектерін үлкен жылулықпен ашып айтты.Н.Д. Беклемишевтің жан-жақты және көпжылдық бруцеллез мәселелері бойынша зерттеулері әлемнің түрлі елдерінің мамандарының жоғарғы бағасын алды, оның дәлелі ретінде Великобритания Корольдік қоғамының мүшесіне сайланғандығы болды. Оның бруцеллез бойынша үлкен жұмысының нәтижелері ГДР басшылығының басылымына кірді. 1966 жылы оның инициативасымен Республикалық аллергология орталығы құрылды, бұл республиканың барлық облыстарында аллергологиялық қызметтік қатарларын құрудың бастамасы болды. Иммунопатология және иммунорегуляция теориялық аспектілерінің зерттемелеріне үлкен үлес қосты. Н.Д.Беклемишев халықаралық конгрестер мен симпозиумдерде шет тілдерін еркін игере отырып, ағылшын, неміс, француз, поляк тілдерінде баяндамалар оқыды.
Конференцияның екінші бөлімінде ғылыми баяндамаларымен Николай Дмитриевичтің шәкірттері, ғылыми мектептің ізбасарлары шықты:
- С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық университеті ішкі аурулар кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымының докторы, профессор Гаухар Медеубаевна Курманова:«Иммунотерапия хронического бруцеллеза»
- М.А.Айтхожин атындағы молекулярлы биология және биохимия Институты лабораториясыныңмеңгерушісі б.ғ.д., профессор Николай Николаевич Беляев: «Рак и иммунитет: современные представления об их взаимоотношениях».
Қызықты баяндамаларды ғалымдар, академик Н.Д.Беклемишевтің қызметтестері ұсынды:
- С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық университеті резидентура және интернатурадағы терапия №3 кафедрасының профессоры,медицина ғылымының докторыРаиса Ивановна Семенова: «Что изменилось в научном мире во взгляде на бронхиальную астму за 50 лет?»
- С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық университеті аллергология және клиникалық иммунология модулінің меңгерушісі,медицина ғылымының докторы, профессор Жанат Бахытовна Испаева: «Перспективы развития аллергологии и клинической иммунологии».
Академик Николай Дмитриевич Беклемишевтің 100 жылдық туған күніне арналған конференция жұмысына кафедра профессорлары, доценттері, ассистенттері және резиденттері, С.Ж.Асфендияроватындағы Қазақ Ұлттық медициналық университетінің ішкі аурулар департаменті қатысты.
Конференция С.Ж.Асфендияроватындағы Қазақ Ұлттық медициналық университетінің Ішкі аурулар оқу департаментінің қолдауы бойынша резидентура және интернатурадағы терапия №3 кафедрасымен, ҚР ДСӘДМ дәрілік заттарды сараптау, медициналық тағайындалған өнімдер мен медициналық техникалардың Ұлттық орталығымен, М.А.Айтхожин атындағы молекулярлы биология және биохимия Институтымен ұйымдастырылды.Конференция аяқталған соң барлық қатысушыларға«Великий ученый и организатор науки: к 100-летию со дня рождения академика Н.Д.Беклемишева» атты кітаптар таратылды. /Құрас.:Ж.А.Сатыбалдиева, Н.Н.Беляев. – Алматы:Мектеп, 2015.