Академик Төрегелді Шарманов С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің Бақылау кеңесінің төрағасы қызметін босатты
Бұл туралы ҚазҰМУ ректорының міндетін атқарушы – бірінші проректор Нұргүл Хамзинаны таныстыруға орай ұйымдастырылған ҚазҰМУ кезектен тыс Ғылыми Кеңесінде мәлімделді.
Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Алексей Цой Министрдің атынан Төрегелді Шармановқа атқарған қызметі үшін алғысын білдірді, ҚазҰМУ дамуына қосқан үлесі үшін жоғары баға берілді және әрі қарай да бірлесе жұмыс атқаруға сенім білдірілді.
«Мен Айқан Ақановтың басшылық етуімен осы ұжымда қызмет атқарғаным үшін өзімді бақытты санаймын. Мен Университеттің дамуына өз үлесімді қосуға тырыстым, бұл іске тек бақылаушы тұрғысынан қарап тұрмай, осы өмірге сіңіп кеттім де, университеттің дамуына барынша атсалыстым. Жетістіктер, сөзсіз, бар. ҚазҰМУ Бақылаушы Кеңесінің төрағасы ретінде тағы екі жыл уәкілеттігім бар, бірақ мен ертерек кетуді шештім. Бұл аяқ астынан туған шешім болып көрінуі мүмкін, дегенмен оның өз себептері бар. Мен бар жан-тәніммен жұмыс істедім, көп уақытымды университет жұмыстарына арнадым, өйткені бұл менің ортам, өйткені мен бұл жерде өзімді пайдалы сезіндім. Ал қазір менің Қазақ Тағамтану академиясы мен Ұлттық салауатты тамақтану орталығының алдында қойған орасан жоспарларым бар, бүгін бұл туралы құрметті вице-министр айтып өтті, бұл барлығына да мәлім. Елбасы менің атқарып жүрген еңбегімді жақсы біледі, қазір бұл менің игеруім тиіс болған үздік жоба. Бұл маңызды себептердің бір жағы. Қызметімді босатуымның бір себебі – жаңа адамдар келеді. Менің ойымша, Нұргүл Қалиқызы келесі тағайындалатын ректор мен біздің ауыр да күрделі шаруашылықты жүргізетін адамның арасын байланыстырушы көпір деп ойлаймын. Осыдан 8 жыл бұрын Айқан Ақанұлы осы шаруашылықты қабылдап алған кезде бұл жерлер қирап тұрған болатын. Ал кейін ұжыммен, біздермен, сіздермен мықты іргетас қаланды. Университет үлкен жетістікке жетті, көптеген ресурстарды шоғырландырды. Әрине бұл дамуға алып келді. Келіспеушіліктердің болғаны да рас. Бірақ біз оларды емін-еркін шешетінбіз, біз түсіністікпен жұмыс істедік. Міне уақыт сырғып өтіп барады, ғылым-білім әр екі жылда жаңарып отырады. Оған үлгеруіміз керек, медицина ғылымы саласындағы білімнің көлемін игеріп үлгеруіміз керек, бұл оңай шаруа емес.
Екіншісі, Университет – бұл күрделі организм, студенттік ұжым, оқытушылар ортасы. Бұл өте жіңішке қабат, ол жіңішке болған сайын интеллектуалдық қор байи түседі әрі нәзік болады. Сол себепті ұжыммен өте ұқыпты болу керек. Біз көп нәрсеге қол жеткіздік. Бұл туралы мен үлкен аудитория алдында көп қайтара айтып жүрдім. Біздің игілігіміз, біздің жетістігіміз, салынған іргетас қол жеткізген жетістіктерге сын көзбен қарауға мүмкіндік береді. Дегенмен, қол жеткізген нәрсені сынды сылтауратып талқандау әркімнің де қолынан келеді. Біз жинаған қорды сақтап, құрметпен қарау керек. Бұзу оңай, сондықтан ескіні ойланбай қиратуға болмайды. Өйткені, ескінің көтерген жүгі ауыр, оның ішінде жаңалық та, ескі де, құрмет тұтарлығы да, мирас-мұрасы да бар. Мен Университетке сәттілік тілеймін …», – деп сөз сөйледі Төрегелді Шарманов.
ҚазҰМУ Баспасөз қызметі