Академик Т. Шармановтың Даңқ залында Биохимия кафедрасының ұйымдастыруымен «Exosomes: biogenesis and their physiological role» тақырыбында визитинг-профессор, доктор Корнелия Мейр Вильсонның пленарлық дәрісі өтті.
Корнелия Мейр Вильсон, оқытушы және Кентербери Университетінің Криста Черч Адам және Өмір туралы ғылыми мектебінің (Ұлыбритания) академиялық зертханасының директоры. Ол трансляциялық медицина, нейродегенеративті аурулар және диагностика мен терапиядағы нанотехнология саласындағы танымал маман.
Дәріс барысында ерте диагноз қою стратегиясын жасау үшін өкпенің қатерлі ісігінің экзосомаларын молекулалық профильдеу, экзосома биогенезі: қатерлі ісік биологиясындағы сортилиннің рөлі, сондай-ақ трансляциялық медицинасының жаңа тұжырымдамасы талқыланды.
Дәріс материалдарының мазмұны мен жаңалығы профессорлық-оқытушылар құрамының, магистранттар мен PhD докторанттар, сондай-ақ студенттер арасында қызығушылық тудырды.