Академик Т.Ш. Шармановтың Фармация мектебінің студенттерімен кездесуі
2020 жылдың 13 қазан күні С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина университетінің Фармация мектебі 1 курс білім алушыларының Ресей медицина ғылымдары академиясының және ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, Қазақ тамақтану академиясының президенті, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Т.Ш.Шармановпен онлайн кездесуін ұйымдастырды.
Академик Төрегелді Шарманұлы Шарманов студенттерге дұрыс тамақтану және ұзақ өмір сүру қағидасы туралы айтып берді.
Технолог-студенттерді бие сүті негізіндегі өнімдер мен шоколад өндірісінің ерекше технологиясы қызықтырды.
Онлайн кездесуге 368 студенттер пен профессорлық-оқытушылар құрамының қатысуы жастардың ұлттық тамақтану дәстүрлеріне жоғары қызығушылығын көрсетеді.