Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында
С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-де профессор-оқытушылар құрамының біліктілігін арттыру, шетелдік жоғары оқу орындарымен халықаралық және ынтымақтастық байланыс орнату, академиялық ұтқырлық, тәжірибе алмасу мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Соның бір айғағы ретінде сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында оқытушылардың өзара алмасу үрдісін жүзеге асыру мақсатында С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ -де химия кафедрасының ұйымдастыруымен «Академиялық ұтқырлық» бағдарламасы шеңберінде 2025 жылдың 02-16 ақпан аралығында Өзбекстан Республикасы Қарақалпақстан медицина институтының доценті, х.ғ.к. Сауле Ундашевна Мелдебекова жалпы медицина және педиатрия мамандығында оқитын 1 курс студенттері үшін «Химия» пәні бойынша дәрістер өткізуде. Дәріс барысында химия пәнін оқытуда білім алушылардың коммуникативтік құзыреттілігін дамытуға бағытталған заманауи оқыту технологиялары қолданылды. Түрлі инновациялық әдістерді қолдана отырып өткен дәріс және практикалық сабақтарға студенттер аса қызығушылықпен қатысып, қызу талқылауда. Академиялық ұтқырлық аясында өзара тәжірибе алмасу, дәріс және семинар, практикалық сабақтарын жүргізу әдістемесі екі жоғары оқу орындарының оқытушыларына тиімді болады деп санаймыз.