Академиялық ұтқырлық – жоғары білімнің маңызды компоненттерінің бірі
«Академиялық ұтқырлық» ұғымының көптеген анықтамалары бар, ал біздің ойымызша, «білім беру стандарттары аясында пәндерді, курстарды, университеттерді өз қалауы мен ұмтылысына сәйкес таңдау мүмкіндігі» анықтамасымен нақтырақ келеді. Уақыт ағымына сәйкес біз студенттерімізге ең жақсы бәсекеге қабілетті білім беруді ұсынуға тырысамыз. Осыған байланысты академиялық ұтқырлық шеңберінде 23 ақпаннан 1 наурызға дейін «Медицина» мамандығының 1 курс студенттері Өзбекстан, Ташкент қаласындағы Ташкент фармацевтикалық білім беру және зерттеу институтында «Мамандыққа кіріспе» оқу-өндірістік тәжірибесін өтті.
Осы кезең аралығында студенттер Академик Е.Х.Туракулов атындағы республикалық мамандандырылған ғылыми-практикалық медициналық Эндокринология орталығына барды. Орталықтың жетекші мамандарымен кездесу өткізіліп, олар өз тәжірибелерімен бөлісіп, жұмыстарының ерекшеліктерін айтып өтті.
«HAYAT» Medical Center, Shox International Hospital, «IXLOS» «OKSIMER», «M» Clinic сияқты елдің жетекші клиникаларына бару мүмкіндігі ұсынылды.
Осы сапар барысында студенттер м.ғ.к., медициналық биология кафедрасының доценті Гафуров Немат Нозировичтың анатомия бойынша дәрістерін; ВИАЛЕК компаниялар тобының жетекшісі, ДДҰ сарапшысы, Қырғыз Республикасы ДСМ GXP жөніндегі инспекторы Александров Александр Владимировичтің «GXP кіріспе және GMP негізгі принциптері» тақырыбындағы дәрістерін тыңдады. Сондай-ақ, «С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина университеті» КеАҚ білім ордасының қауымдастырылған профессорлары Карлова Эльмира Карловна мен Бегимова Гулзейнеп Урисбаевна «Фармация» мамандығының 2 және 3 курс студенттеріне арналған биоорганикалық химия және органикалық химия бойынша интеграцияланған дәрістер өткізді.
Жалпы, осы кезеңде Ташкент фармацевтикалық Білім және зерттеулер институтының барлық мамандары үлкен жұмыс атқарды. Біз осы институттың және біздің университеттің барлық басшылығына, атап айтқанда институттың негізін қалаушы Юнусходжаев Ахматхўжа Негмановичке; ректорлар Дусматов Азиз Файзаматович пен Шоранов Марат Едігеевичке, проректорлар Умарова Шахноза Зиятовнаға, Искандарова Шохиста Фехрузовнаға, Джаббарова Нурилла Абдумахсудовичке, Калматаева Жанна Амантайқызына, Датхаев Убайдилла Махамбетұлына; декандар Измайлова Слу Хабибиевнаға, Нурмухамедов Азиз Абджалиловичке, сондай-ақ Тагирова Рима Төлеухановнаға, Мұқашева Марал Сәкенқызына, Содикова Наргиза Амановнаға, Ибрагимова Шаиира Калыховнаға және осы ұйымдардың меңгерушілеріне өз тарапымыздан ерекше алғысымызды білдіреміз.