АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ ҚАЗІРГІ ӘЛЕМДЕГІ ТҰЛҒАҒА БАҒЫТТАЛҒАН БІЛІМ БЕРУДІҢ НЕГІЗІ РЕТІНДЕ
Барлық уақытта адамға қоршаған әлемде өзін сенімді сезінуге, әлеуметтік кеңістікпен сындарлы қарым-қатынас жасауға және өз өмірін сәтті жүзеге асыруға мүмкіндік беретін білім – ерекше құнды және сұранысқа ие.
Академиялық ұтқырлық – бұл әртүрлі қызмет түрлерінде, қоғамда және мәдениетте жеке тұлғаның өзін-өзі қалыптастыруы үшін қажетті ұтқырлықтың барлық түрлерін қамтитын интегративті сипаттама. Студенттердің академиялық ұтқырлығының басты мақсаты – таңдалған дайындық бағыты бойынша жан-жақты білім алуға мүмкіндік беру, танымал білім орталықтарына қол жеткізуді қамтамасыз ету, студенттің мәдениеттің барлық салаларында танымын кеңейту, оған өз еліне терең патриотизм сезімін ояту.
Осы бағдарлама шеңберінде дәстүр бойынша Ташкент фармацевтикалық институтының (Ташкент, Өзбекстан) студенттері мен олардың оқытушылары аналитикалық химия кафедрасының меңгерушісі, доцент Фархуллаева Муяссар және органикалық синтез кафедрасының доценті Чинибекова Назира Қалмахановна «С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КЕАҚ білім ордасына келді.
Ташкент Фармацевтикалық Институтының (Ташкент, Өзбекстан) «Фармация» мамандығының 2-курс студенттері
Неліктен академиялық ұтқырлық бүгінде соншалықты танымал және сұранысқа ие бола бастады? Жауап айқын – ең дарынды және қабілетті студенттер мен олардың оқытушылары арасында бәсекелестік артып келуде. Барлық елдердегі ұйымдар ең жақсы және жан-жақты мамандарды іздейді. Жастар беделді ЖОО-да оқу олардың жоғары білім туралы дипломына тамаша қосымша болатынын және еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттыратынын біледі.
Халықаралық академиялық бағдарламаларға қатысу белгілі бір мүмкіндіктер береді: біріншіден, халықаралық академиялық ортада бірлесіп жұмыс істеу тәжірибесін алу, екіншіден, мәдениетаралық коммуникация және командада жұмыс істеу дағдыларын дамыту, үшіншіден, шет тілін меңгеру деңгейін арттыру, төртіншіден, басқа елдердің білім беру жүйелерімен танысу, сондай-ақ жаңалықтар ашу, мансаптық перспективалар, жаңа таныстар жасау және әлемді көру.
Студенттер С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің тарихы музейінде
Басқа елдердің адамдарымен бірлесіп оқу барлық студенттерге өздерінің мәдениеттері мен тілдерімен жақынырақ танысуға, төзімділік пен бірлесіп жұмыс істеуге үйренуге мүмкіндік береді. Ұтқырлықтың негізгі миссиясы болашақ мамандықтың нюанстарын білуге мүмкіндік беру, таңдалған орталыққа қол жетімділікті ашу болуы керек. Нәтижесінде студенттер өздерінің жеке білім беру жолын таңдауға мүмкіндік алуы керек. Мәселенің ең белсенді, нәтижелі және өзекті шешімін табу біздің жоғары оқу орындарының ғана емес, сонымен қатар алыс және жақын шетелдердің педагогтарын өзара байланыс орнатуға және ынтымақтастықты тиімді пайдалануға итермелейді.
Ташкент фармацевтикалық институтының оқытушылары академиялық ұтқырлық аясында химия кафедрасында келесі тақырыптар бойынша дәрістер тыңдауға шақырады: