Академиялық ұтқырлық: ҚазҰМУ оқытушылары Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ базасында оқыту жүргізді
Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті-де академиялық ұтқырлықтан өту туралы
Құрастырушылар:
* Альмұхамбетов М.К., м.ғ.к., С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті Жедел және шұғыл медициналық көмек кафедрасының қауымдастырылған профессоры.
* Балқанай Г.Б., м.м.н., Жедел және шұғыл медициналық көмек кафедрасының ассистент-профессоры.
С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті мен Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті арасындағы академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында 2026 жылғы 30 наурыз бен 10 сәуір аралығында «Арнайы клиникалық пәндер» кафедрасында оқу өткізілді.
Оқыту «Медицина» факультетінің 5-курс студенттеріне (103-МЖМ тобы, қазақ бөлімі) жүргізілді. Оқу процесі Түркістан қаласының Жедел медициналық жәрдем станциясының №2 қосалқы станциясында және ХҚТУ-дың симуляциялық орталығында ұйымдастырылды.
Сабақтар (дәрістер, тәжірибелік сабақтар, СРОП) бекітілген кесте мен тақырыптық жоспарға сәйкес толық көлемде өткізілді. Оқытуда интерактивті әдістер қолданылды:
* Кейс-стади және шағын топтарда жұмыс: ЖМЖ тәжірибесіндегі нақты клиникалық жағдайларды талдау.
* Симуляциялық оқыту: заманауи манекендерде практикалық дағдыларды (ЖӨР, коникотомия, ЖКА және анафилактикалық шок кезінде көмек, тасымалдау иммобилизациясы) пысықтау.
* Білімді бақылау: ағымдық және межелік тестілеу өткізу, студенттердің презентациялары мен баяндамаларын бағалау.
Нәтижелер және ынтымақтастық
* Студенттерді ынталандыру: ең белсенді студенттерге кафедра қызметкерлері әзірлеген мемлекеттік тілдегі оқу құралдары табысталды («Ауруханаға дейінгі кезеңде жүрек-өкпе реанимациясы», «Балалардағы жіті тыныс жетіспеушілігі» және т.б.).
* Әдістемелік жұмыс: МКТУ әріптестерімен бірлесіп коникотомия дағдысын пысықтау алгоритмдері жаңартылып, оқу процесіне енгізілді.
* Кері байланыс: сауалнама нәтижелері бойынша студенттерден оң пікірлер алынды. Бағдарлама сәтті аяқталып, бұл Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті басшылығы берген сертификаттармен расталды.















