«Аллергология және иммунология: жетістіктері мен келешегі» атты VII Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы
2023 жылғы 21-23 қыркүйекте «Аллергология және иммунология: жетістіктері мен келешегі» атты VII Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтеді. Конференцияның негізгі тақырыптары: бронх демікпесі, ӨСОА, пневмония және COVID-19, аллергиялық дерматоздар, аллергиялық ринит, дәрілік аллергия және дәріге жоғары сезімталдық, иммунодиагностика, иммунопрофилактика және иммунореабилитация, аллергенспецификалық иммунотерапия.
Конференцияға қатысуға медициналық жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылар құрамы, дәрігерлер, ғылыми қызметкерлер, жас ғалымдар, докторанттар, магистранттар, резиденттер және студенттер шақырылады. Конференцияны ұйымдастырушылар: Аллергологтар, иммунологтар және иммунореабилитологтар қоғамы, С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, жалпы иммунология кафедрасы.