Алматыдағы «XXI-ғасыр гематологы» халықаралық конференциясы: халықаралық диалог, жағдайларды талқылау және жас гематологтарға қолдау
2026 жылғы 14–15 наурызда Алматыда «XXI ғасыр гематологы» атты жыл сайынғы халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.
Халықаралық баяндамашылар қатарына Швейцариядан, Италиядан, Ресейден, Украинадан және Қазақстандан жетекші клиникалық профессорлары кірді:
- Massimo Federico, Модена және Реджо-Эмилия Университетінің медициналық онкология бойынша аға профессоры, Салентино онкологиялық институтының директоры, Лечче; Моденадағы Анжела Серра қатерлі ісік зерттеу қауымдастығының президенті.
- Justine Brodard, Швейцариядағы терапиялық құралдар агенттігінің (Swissmedic) бағалау, гемонадзор және қан құю саласының маманы
- Ребман Е.В., м.ғ.д., Берн Университетінің Медицина факультетінің доценті, Невшатель кантондық клиникасының онкогематология бөлімінің меңгерушісінің орынбасары
- Троицкая В.В., м.ғ.д., ФГБУ «Ұлттық медициналық-гематологиялық ғылыми орталығы» МЗ РФ бірінші бас директорының бірінші орынбасары, Мәскеу
- Бабенко Е.В., Р. М. Горбачева атындағы ДОГиТ ҒЗИ (Санкт-Петербург, РФ) гемопоэтикалық жасушаларды сапаны бақылау зертханасымен криоконсервация бөлімінің меңгерушісі
- Ковригина А.М., м.ғ.д., ФГБУ «Ұлттық медициналық-гематологиялық ғылыми орталығы» Минздрав РФ, патологоанатомиялық бөлім меңгерушісі, Мәскеу, Ресей
- Байков В.В., м.ғ.д., профессор, академик И.П. Павлов атындағы Санкт-Петербург мемлекеттік медицина университетінің № 1 ПАБ және патологиялық анатомия кафедрасының меңгерушісі; И.П. Павлов атындағы Санкт-Петербург мемлекеттік медицина университетінің №2 патологоанатомиялық бөлімшесінің (гематопатология) меңгерушісі; И.П. Павлов атындағы Санкт-Петербург мемлекеттік медицина университетінің патоморфологиялық зерттеу орталығының меңгерушісі, Санкт-Петербург, Ресей Федерациясы
- Олена Л.В., Черкасси, Украинадағы Клиникалық онкология, гематология, трансплантология және паллиативтік көмек орталығының (Clinical Center of Oncology, Hematology, Transplantology and Palliative Care) гематология және сүйек миын трансплантациялау бөлімінің меңгерушісі
- Ковзель Е.Ф., м.ғ.д. ҚР және РФ, ҚФ UMC иммунология және аллергология бағдарламасының меңгерушісі, Қазақстандық иммунжетіспеушіліктер қоғамының және дәрігер-иммунологтар Ассоциациясының төрайымы, ҚР ДСМ бас штаттан тыс аллерголог-иммунологы
- Қазақстандағы жетекші гематологтары – Кемайкин В.М., Рамазанова Р.М., Тургунова Л.Г., Душимова З.Д., Клодзинский А.А., Пивоваров И.А. және басқалары.
Конференция аясында жыл сайынғы «Жас гематологтар сайысы» өтті, оған Қазақстандағы бес медициналық университеттің гематология резиденттері қатысты. Ғылыми-зерттеу байқауының жеңімпазы болып С.Д. Асфендиаров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің Ішкі аурулар кафедрасының 2 курс гематология резиденті Жәппарғалы Нұркен Есенгелдіұлы (ғылыми жетекшісі – д-р Рамазанова Р.М.) атанды.
Конференция барысында күрделі диагностикалық жағдайлар талқыланды; жас гематологтар өздерінің клиникалық жағдайларын ұсынып, белсенді қатысты, ал күрделі мәселелер сарапшы гематологтар мен патологтармен бірге талқыланды.
Конференция өзіндік білім беру мақсатына жетті: жаңа теориялық білім алу және практикалық тәжірибені бөлісу. Жалпы алғанда шамамен 400 маман – гематологтар, патологтар, зертханалық диагностика мамандары және басқалар – гибридті форматта қатысты
С.Д. Асфендиаров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің ішкі аурулар кафедрасы,
Қазақстан онкогематологтарының кәсіби қауымдастығы

















