Алматыда АИТВ-инфекциясы тақырыбы бойынша алғашқы халықаралық дебаттық турнир өткізілмек
С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің және ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі республикалық орталығының бастамасымен Алматы қаласы Әкімдігінің, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының, ЮНЭЙДС, ЮНИСЕФ қолдауымен 21-22 қазанда Алматы қаласында ТМД ЖОО-ның студенттерінің қатысуымен «SpeakUp: AIDS” («ЖИТС жайлы айт/үндемей қалма») АИТВ-инфекциясы тақырыбы бойынша алғашқы халықаралық дебаттық турнир өткізілмек.
Іс-шара пірікталастарды тарту арқылы жастардың күшімен АИТВ бойынша саясатты әзірлеу және хабардарлықты арттыру мақсатында өткізіледі.
Дебаттың ашылуына Алматы қаласының әкімі Б.Байбек, ҚР Денсаулық сақтау министрі Е.Біртанов, Алматы қаласының Денсаулық сақтау басқармасының басшысы В.Ахметов, ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі республикалық орталығының бас директорыБ.Байсеркин, ҚР-ғы ЮНЭЙДС офисінің директоры А. Голиусов қатысады.
Турнир қатысушыларының арасында 2017 жылғы әлемдегі ең жақсы спикер, бас төреші – Раффи Маршалл (Оксфорд), ҚР ірі ЖОО – ҚМЭБИ, ҚБТУ, ҚазҰТЗИ, ҚазҰУ, ЕҰУ студенттері мен басқалары, сонымен қатар, ТМД елдері – Ресей, Тәжікстан, Қырғызстан елдерінен 300 студент қатысатын болады.
Турнирбритандық-парламенттік формат бойынша 3 тілде (мемлекеттік, ағылшын, орыс)өтетін болады. Пікірталас алаңын елдің алдыңғы қатарлы ЖОО бірі –С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті ұсынады.
Турнир кезінде Алматы қаласы ЖИТС орталығының АИТВ-ға жедел-тестілеу бойынша мобильді зертханасы жұмыс істейді.
Дебаттық турнирдің ашылуы сенбі күні – 21 қазанда сағат 9:00-де Алматы қаласындағы ҚазҰМУ-нің «Конкордия» театрында өтеді (Бөгенбай батыр/Масанчи көшелерінің қиылысы)
ҚазҰМУ баспасөз қызметі