Алматыда апаттық дабыл қағылды
Алматыда жалпы қалалық сейсмикалық жаттығулар өтті. Бүкіл қалаға апаттық дабыл үні естілді. Тренинг төтенше жағдай кезінде қала тұрғындарының мінез-құлық дағдыларын тексеру үшін өткізілді.
Дабыл кезінде құтқару жаттығуларын С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ қызметкерлері мен студенттері де өткізді. Дабылдан кейін бірнеше минут ішінде барлығы оқу корпустары мен университет ректоратын босатты. Жиналу орны дәстүрлі түрде ректорат алдындағы алаң болып табылады.
ҚазҰМУ-дың қауіпсіздік және еңбекті қорғау инженері Самурат Шәріпов жиналғандардың барлығына дабыл кезіндегі іс-әрекет ережелері туралы айтып берді. Сондай-ақ, апаттық жағдайда шұғыл болуы қажет заттар сөмкесін көрсетті. Оның ішінде қандай тұрмыстық-санитарлық және медициналық заттардың болуы керегін айқындады.