Іс-шара барысында балаларды эндокринолог, невропатолог, пульмонолог, аллерголог, кардио-ревматолог, гастроэнтеролог, нефролог, гематолог, хирург cияқты үздік бейінді балалар мамандары тексерді.
Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында №11 қалалық емханасында профессор Н.А.Барлыбаева атындағы неонатология курсы мен балалар аурулары кафедрасының қатысуымен ашық есік күні өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.
№11 қалалық емхананың баспасөз қызметінің мәліметінше, олардың арасында медицина ғылымдарының кандидаттары, профессорлар, кафедра доценттері, медицина ғылымдарының магистрлері, балалар аурулары кафедрасының ассистенттері, жоғары санатты дәрігерлер бар.
Сондай-ақ, балалардың қанындағы қант пен холестериннің мөлшері анықталды, бойы мен салмағы өлшенді.
Жалпы, іс-шарада әртүрлі патологияға шалдыққан 200-ге жуық бала қамтылды. Ата-аналармен балалардағы аурулардың алдын алу және оңалту бойынша әңгімелер жүргізіліп, тексеру және емдеу бойынша ұсыныстар берілді.
Соңында қызметкерлер барлық балаларға жазда жақсы демалып, денсаулықтарын нығайтып, күш-қуат алуды, көптеген жағымды эмоциялар алуды және жаңа достар табуды тіледі.
https://almaty-akshamy.kz/almatida-balalarga-arnalgan-ashik-esik-kyni-otti