Алматыда гемостаздың сирек бұзылыстарына арналған шеберлік сабағы өтті
2025 жылғы 20 желтоқсанда Алматы қаласында С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ішкі аурулар кафедрасының профессоры Рамазанова Р.М.-ың ұйымдастыруымен «Гематолог-дәрігер тәжірибесіндегі гемостаздың сирек бұзылыстары» тақырыбында шеберлік сабағы өтті. Іс-шараға «Ересектер гематологиясы» мамандығы бойынша дәрігер-резиденттер қатысты.
Бұл шеберлік сабағы Тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ), атап айтқанда ТДМ 3 — «Салауатты өмір салты және әл-ауқат» және ТДМ 4 — «Сапалы білім беру» мақсаттарын жүзеге асыруға маңызды үлес қосты.
Қазақстанның жетекші гематологтары — Рамазанова Р.М., Загурская Ю.Е., Хан О.Р., Душимова З.Д. баяндамалар жасады.
Іс-шара барысында сирек коагулопатияларды диагностикалау мен емдеудің заманауи тәсілдері талқыланып, дәрігер-резиденттер ұсынған нақты клиникалық жағдайлар талданды.
Тыңдаушылар қатарында 1–2 курс резиденттері, Алматы қаласының тәжірибелі гематологтары және кафедра ассистенттері болды. Бұл шеберлік сабағы тәжірибеге бағытталған білім беруді нығайтуға және қанның сирек аурулары саласында білікті мамандарды даярлауға бағытталған тағы бір маңызды қадам болды. Мұндай іс-шаралар тек біліктілікті арттырумен шектелмей, денсаулық сақтаудың неғұрлым тұрақты әрі инклюзивті жүйесін қалыптастыруға нақты үлес қосады.








