Алматыда журналистерге арналған медициналық курс өтіп жатыр
Алматыда журналистерге арналған медициналық курс жалғасуда. Игі бастама Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті арасындағы келісім негізінде өтіп жатыр. Оған 50-ден астам журналист қатысуда. Онлайн форматта біліктілігін арттырып жатқандар да жетерлік. Дәрістер ертең аяқталады және қатысушыларға арнайы сертификат табысталады. Медициналық журналистика жобасы мамандардың шынайы әрі түсінікті ақпар таратуына сеп болады. «Сондықтан, алдағы уақытта игі істі әрі қарай жалғастыруды көздеп отырмыз», – дейді ұйымдастырушылар.
Талғат Нұрғожин, С.Асфендияров атындағы ҚАЗҰМУ ректоры:Келесі курстар әрбір медицина мамандығы бойынша өзекті мәселелер қозғалады.