Алматыда Орталық Азия нефрологтарының Конгресі өтті
Бүгін Алматыда Орталық Азия нефрологтарының Конгресі өтті. Бұл жиын Қазақстан мен көршілес елдердің бүйрек аурулары саласында жұмыс істейтін мамандарын бір жерге жинаған маңызды шара. Конгрестің ұйымдастырушысы С. Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың нефрология кафедрасы. Бас тақырып қазіргі заманға сай, ғылыми негізделген нефрологиялық көмекті дамыту болды.
Конгреске келген сарапшылар созылмалы бүйрек аурулары, ерте анықтау әдістері, бүйректі қорғау, диализ қызметін жетілдіру және түрлі мамандықтар бірлесіп жұмыс істеуі сияқты мәселелерді талқылады.
Жиынның ерекше сәті, ҚазҰМУ-дың құрметті профессоры Әсия Бәкішқызы Қанатбаеваның 85 жасқа толуына арналған құрмет көрсету болды. Әсия Бәкішқызы еліміздегі балалар нефрологиясының негізін қалаған тұлғалардың бірі. Оның еңбегінің арқасында Қазақстанда балаларға бүйрек ауруларын емдеудің жаңа тәсілдері енгізіліп, диализ қызметі дамыды. Ғалым тәрбиелеген мамандар қазір де бұл істі жалғастырып келеді. Конгрессқа қатысушылар профессордың медицинаға сіңірген еңбегіне үлкен алғыс білдірді.
Конгресс қорытындысы нефрологияның қарқынды дамып келе жатқан сала екенін көрсетті. Ғалымдар мен дәрігерлердің пікір алмасуы алдағы жұмыстың негізгі бағыттарын айқындады: диагностика сапасын арттыру, жоғары технологиялық көмектің қолжетімділігін кеңейту және түрлі мамандардың бірлескен жұмысын күшейту.
























