Қант диабетіне шылдаққандар қатары күрт өсті
Эндокринолог дәрігерлер дабыл қақты. Қант диабетіне шалдыққандар қатары ширек ғасырда 50 есе артып кеткен. Кесірі көп кеселмен күресу жолдары Алматы халықаралық эндокринология конгресінде талқылануда. Іс – шара Асфендияров атындағы медицина университетінде алғаш эндокринология кафедрасын ашып, еліміздегі ең бірінші диабет орталығының ашылуына сеп болған Айқан Ақановтың 75 жылдығына орай ұйымдастырылды.


