Алматыда әлемнің 20 елінен ғылыми жобаларымен жас ғалымдардың қатысуымен ауқымды форум өтеді
5-6 маусым С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-да «Asfen.Форум, жаңа буын-2023» атты халықаралық форум өтеді. Қытай, Ұлыбритания, Ирландия, Финляндия, Түркия, Словения, Индонезия, Оңтүстік Корея, Польша, Испания, Австрия, Нидерланды, Литва, Иран, Германия, АҚШ, Өзбекстан, Тәжікстан және Ресей сияқты 20 мемлекеттен келген жас ғалымдар делегациялары қатысады. Бұл – ең үздік жас ғалымдардың слеті. Олар медицинаның ең өзекті және маңызды салаларында өз жобаларын ұсынады.
Жас ғалымдар «Аллергияға қарсы вакцина», «Жасушалық терапия – Қазақстандағы церебральды сал ауруын емдеудің перспективалық әдісі», «Коронавирустық инфекцияның ерлердің репродуктивті денсаулығына әсері», «Радиациялық терапиядағы жасанды интеллект және машиналық оқыту әдісі», «COVID-19 пандемиясының Алматыдағы туберкулезді емдеуге сәулелік терапия әсері» «Талғар қаласында ішек диареясының өршуі, Қазақстан, ақпан 2023 жыл» сияқты бірқатар қызықты баяндамалар ұсынады.
Болашақ және қазіргі дәрігерлер мұндай ауқымды шараның өткізіп алмаңыздар!